Аймақтар
2 мин оқу 861

Шалғын көбелегінің шырғалаңы

<p style="text-align: justify;">Мұнайлы өңірдің шаруаларын шалғын көбелегінің шырғалаңы алаңдатып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласының маңындағы егін алқаптарын, жайылымдарды шалғын көбелегі қаптап, зиянын тигізіп жатыр.</p>

Шалғын көбелегінің шырғалаңы

– Егін алқаптарын құрт, көбе­лек­тердің қаптауы 30 жылдан кейін қайта­ланып отыр. Қазір Батыс Қазақстан облы­сынан улау жұ­мыс­тарын жүргі­зе­тін арнайы мекеме мен мамандар шақырылды. Егін алқаптарын улау жұ­мы­сы бас­талды. Құрт, көбелектердің қан­ша гектар аумаққа жайылғаны бел­гі­сіз. Бұл анықталып жатыр. Біздің басты мақсатымыз – зиянкес­тен егіншілердің егін алқабын, одан кейін жайылымдық жерді қорғау. Жалпы құрт, көбелектер 2020 жылға дейін өңделетін зиянкес жәндіктердің тіз­бе­сінде болған еді. Сол жылы оны тізбеден алып тастады. Биыл зиянкестер тізбесіне қайта қосу мәселесі қарастырылып отыр. Егер өңделетін зиянкес­тер тізбесіне енгізілетін болса, жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылады, – дейді Қайрат Нұрлыбаев.

Оның мәліметіне сүйенсек, өңірде егін егумен айналысатын 300-ден астам шаруашылық бар. Қазір оның 100-ге жуығы шалғын көбе­легінен зардап шеккен.

– Аудандарда қалыптасқан жағ­дай­ға байланысты зиянкес­тер­дің зар­дабын жедел жою жұ­мысы қолға алынды. Орал қаласынан кел­ген улау дәрі-дәрмегін шашумен айналысатын 2 көлік күніне шамамен 1000 гектардан астам аумақ­ты қамтиды. Аталған жұмысқа жер­­гі­лікті бюджеттен шамамен 8-10 млн теңге көлемінде қаржы бөлу қарас­тырылып отыр. Егер улайтын аумақтың көлемі артса, қосымша қаржы бөлу мәселесі пысықталады, – дейді облыс әкімінің орынбасары.

Осыған ұқсас жайт мамыр айында Қызылқоға ауданында тіркелген еді. Мұнда жусан құртынан 800 гектар жайылым зақымданды. Агро­өнер­кәсіп кешеніндегі мемле­кет­тік инс­пекция комитеті Атырау об­­лыс­тық аумақтық инс­пек­ция­сы­ның бөлім басшысы Әбила Қазиева­ның айтуынша, бұл ауданда әр жылдары мұндай зиянкес кездесіп жүр.

– Алайда жайылымға зиян­кес­­­тер­дің зияны тимеген еді. Ал биыл 800 гектар жайы­­лымда жусан же­мі­рі­нің дер­нә­сілі әртүрлі жас сатысында екені анықталды. Мәселен, Са­ғыз ауылдық окру­гін­дегі «Әнет», «Алып Ана» шаруа қо­жа­лықтарының әрқай­сысына тиесілі – 200, «То­щий» шаруа қожалығының – 100, Мұқыр ауыл­дық округінде тір­кел­­ген «Қы­зыл бұлақ» ша­руа қожа­лы­ғының 100 гектар жа­йылымы жусан жемірінен зақымданғаны анық­та­лып отыр. Сондай-ақ «Сағыз – Миялы» бағытындағы жолдың бойын­да орналасқан Сарқужақ учас­ке­сін­де де 100 гектар жайы­лым­дық алқапқа зиян келді, – дейді Әбила Қазиева.

Оның айтуына қарағанда, шаруа қожалықтары мұндай зиян­­кестерге қарсы күрес іс-ша­расын өз қаражаты есебінен жүр­гізуі керек.

Атырау облысы

Бөлісу:
Шалғын көбелегінің шырғалаңы · Egemen Qazaqstan