Туризм
1 мин оқу 461

Өзбекстан билігі елге кіру ережелерін жеңілдетті

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанға сапар шегуге ниеттенген туристер үшін 10 маусымнан бастап коронавирусқа қатысты барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республиканың арнайы комиссиясы бұл шешімді Туризм және мәдени мұра министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық қызметінің ұсынымдарын ескере отырып қабылдады.

«Осыған байланысты шетелдік туристерден коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін, антигендерге жедел тест және вакцинация туралы сертификат немесе төлқұжат беруді талап ететін ережелер алынып тасталады», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Өзбекстан билігі елге кіру ережелерін жеңілдетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар