Экономика
1 мин оқу 200

Toyota-ның әлемдік сатылымы 11,1%-ға төмендеді

<p style="text-align: justify;">Сәуірде Toyota Motor көліктерінің әлемдік сатылымы бір жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеп, 763 708-ге жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жапониядағы сатылымдар 16,8 пайызға азайған. Елде дәл осы маркадағы 103 143 көлік, ал өзге мемлекеттерде 660 565 көлік сатылған. Шетелдегі сатылымдар 10,2 пайызға аз. 

Қазір Toyota-ның көлік өндірісі ел ішінде 9 пайызға және Жапониядан тыс жерлерде 9,1 пайызға төмендеді.

«COVID-19 індетіне және қосалқы бөлшектерді жеткізуге қатысты жағдайлар түсініксіз болғандықтан, біз осы факторлардың әсерін барынша азайту үшін бар күшімізді салып жатырмыз», делінген жапондық компанияның мәлімдемесінде.

Бөлісу:
Toyota-ның әлемдік сатылымы 11,1%-ға төмендеді · Egemen Qazaqstan