Қоғам
2 мин оқу 200

Сью зиянды әдеттен сақтандырады

<p style="text-align: justify;">Отыз төрт жылдан бері дүние жүзінде 31 мамыр темекіге қарсы күн ретінде аталып өтеді. Биыл атаулы күн аясында Қызылорда қаласында &laquo;Темекі туралы барлық шындық&raquo; атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Сырдағы бас шаһардан кейін көрме Тараз, Түркістан, Семей, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған, Орал қалаларын аралайды.</p>

Сью зиянды әдеттен сақтандырады

Денсаулық сақтау минис­трлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, «Те­мекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы мен Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Об­лыстық жастар денсаулығы ор­талығы» мемлекеттік комму­налдық орталығы өткізіп отыр­ған іс-шараның мақсаты – шы­лымқорлардың зиянды әдет­тен бас тартуына сеп болып, темекінің адам ағзасына зияны жайлы, оны өсіру, өндіру және тарату кезінде қоршаған ортаға келтіретін кері әсері туралы ха­лықты кеңінен хабардар ету.

Қаладағы мәдениет және демалыс паркінде басталған жылжымалы көрмені тамашалауға жиналғандар аз болмады. Шы­лымның ағзаға зиянын көр­сететін қуыршақ Сьюдің тәжі­рибесінен кейін жастардың біра­зы бұл әдеттің жаман екенін түсінгендей. Жалпы, орталықтағы симуляциялық кабинеттегі ма­не­кендер арқылы мұндай тәжі­рибе жастар арасында үнемі көрсетіліп келеді.

Қазіргі жасөспірімдер ара­сында «электронды темекі­нің зардабы жоқ» деген теріс тү­сінік қалыптасқан. Көр­мені ұйым­дастырушылар керісінше ағзаға вейп, IQOS, Glo дегендердің зияны орасан екендігін айтады.

– Қазір кальянға да қызы­ғатын жастар көп. Олар осы арқылы туберкулез, вирусты ге­патит жұқтырып алып жат­қандарын білмейді. Өйткені ол антисанитарлық талаптарға сай тазартылмайды. Кальян тартатын орындарға кіруге жасы келмеген балаларды зерттей отырып олардың көбі қорқорды плестейшен ойнататын орындарда тартатынын білдік, – дейді орталық маманы Гүлдана Алмырзаева.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан келген мамандар дерегінше жыл сайын темекі зиянынан 8 миллионнан астам адамның өмірі қиылады. Өңірде темекі шегудің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау бойынша тренингтер тұрақты өткізіледі. Сонымен қатар зиянды әдеттен арылғысы кел­гендерге психологтер тегін кеңес береді.

– Көптеген қатерлі ауруға ұшырататын темекінің құра­мында 400-ден астам улы зат бар. Оның қауіп­тісі – никотин. Жастар арасында электрон­ды темекі мен қорқорға құмар­лық та өршіп бара­ды. Біздің мін­дет осындай әдеттің алдын алу, – дейді облыстық жас­тар денсаулығы орталығы дирек­то­рының орынбасары Гүлназ Мәз­қожа.

Көрме 4 маусымға дейін Б.Шө­­кенов атындағы саябақ пен Тұң­ғыш Президент паркінде жұ­мысын жалғастырады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Сью зиянды әдеттен сақтандырады · Egemen Qazaqstan