Қазақстан
1 мин оқу 370

Қазақстан шекарасында қандай өткізу пункттері ашылады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекеттік шекара арқылы уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пунктінің жұмысына тыйым салынатын Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Құжат ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» қаулысының күшін жоюды көздейді. Бұл шешім елдегі COVID-19 жағдайына байланысты қабылданды.

Қайта ашылатын өткізу пунктері:

Ресеймен шекара арқылы өткізу пункттері:

Қондыбай және Ақбалшық (Қостанай облысы);

Қызылжар (СҚО);

Найза (Павлодар облысы);

Жезкент, Байтанат, Қоянбай (ШҚО);

Орда, Шаған (БҚО);

Қарашатау (Ақтөбе облысы).

Өзбекстанмен шекара арқылы өткізу пункттері:

Тың, Сырдария (Түркістан облысы).

Қаулы жобасы 22 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Бөлісу: