Экология
1 мин оқу 363

Көлсайда ілбіс жүр

<p style="text-align: justify;">&laquo;Көлсай көлдері&raquo; ұлттық сая&shy;бағында ілбіс фототұзаққа тү&shy;с&shy;ті. Бұл туралы Экология, гео&shy;ло&shy;гия және табиғи ресурстар ми&shy;нис&shy;трлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында жариялады.</p>

Көлсайда ілбіс жүр

«Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көл­сай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітап­қа» енген жануар бұған дейін де фото­тұзаққа бірнеше рет түскен болатын», делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Наурыз айында Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар барысы тау етегіне түскен болатын. Бұған де­йін таудан түскен ілбісті Кербұлақ тұр­ғын­дары та­биғи ортасына қайтаруға себеп­ші бол­ған еді. Ілбіс (қар барысы) Үкі­меттің 2006 жылғы 31 қазан­дағы №1034 қаулысы бойынша сирек кез­десетін және құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың тізіміне енгізілген.

Бөлісу:
Көлсайда ілбіс жүр · Egemen Qazaqstan