Жарнама
 
Оқиға
1 мин оқу 794

Өскеменде жоғалған жасөспірімнің өлі денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p class="post-title entry-title">&nbsp;</p>

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті. Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

«Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

Бөлісу:
Өскеменде жоғалған жасөспірімнің өлі денесі табылды · Egemen Qazaqstan