Елордада апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда 5 қарашаға дейін әр демалыс күні 40-тан астам жергілікті және өзге өңір кәсіпкерлері өз өнімдерін жәрмеңкеге ұсынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. </p>

Ауылшаруашылық жәрмеңкелерде көкөністердің негізгі түрлері, сол сияқты ет және сүт өнімдері, азық-түлік, балық, бал ұсынылады. Олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базар бағасынан арзан сатылады. Жәрмеңке маусымына Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады.
Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
