Ауа райы
2 мин оқу 130

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктерде құбылмалы ауа райы сақталады.

Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, түнде солтүстігіне, батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, найзағай кезінде Алматы облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күндіз бұршақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ, дауыл, күтіледі, солтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда ​​облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan