Спорт
1 мин оқу 190

Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Анна Данилина ITF Women халықаралық жарыстарындаңы өз мансабында 25-ші атағын олжалады. Ол жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті. Есеп - 6:2.

Екіншісінде Данилина мен Страхова есе қайырды. Есеп - 6:3.

Одан кейін супер тай-брейкте Данилинаның жұбы жеңісті жұлып алды. Есеп - 14:12.

Жүлде қоры 60 мың доллар болатын бұл тартысты турнир 1,5 жарым сағатқа созылды.

Бөлісу:
Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды · Egemen Qazaqstan