Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
<p style="text-align: justify;">Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://elbasy.kz/kk/kazakstannyn-tungysh-prezidenti-resey-federaciyasynyn-prezidenti-vladimir-putinmen-kezdesti-1355331">elbasy.kz </a>сайтына сілтеме жасап.</p>

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.
Аяна Тоғанбек
