Тағайындау
1 мин оқу 520

ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды», делінген хабарламада.

Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды · Egemen Qazaqstan