Аймақтар
1 мин оқу 730
Жаңа құрылған облыстардың автокөліктеріне цифрлық код белгіленді
<p style="text-align: justify;">Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан құрылған үш облыста автокөліктердің цифрлық коды әліпби тәртібінде бөлінетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден жаңа облыстар қандай цифрлық код алатынын сұрады.
«Әліпби тәртібінде 18, 19, 20 нөмірлері болатын шығар. Ақылға қонымдысы осы», деп жауап берді Ә. Қуантыров.
Ол цифрлық кодты бөлу ішкі істер министрлігінің құзырына кіретінін, сол себепті соңғы шешімді солар қабылдайтынын атап өтті.
Болжам бойынша Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, ал Ұлытау облысы 20 нөмірімен белгіленеді.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу:
