Қоғам
1 мин оқу 160

Жалдау төлемдерін субсидиялау – 19 мыңнан аса өтінім

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі таңда азаматтардың жекелеген санаттарының мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылуда.</p>

Жалдау төлемдерін субсидиялау – 19 мыңнан аса өтінім

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігі баспасөз қыз­метінің мәліметінше, 2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бо­йын­­ша берілген өтінімдер саны – 19 285, олардың 4 750-і
мақұлданды.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әр түрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабыл­данбауының жиі кездесетін себептері: жеке куә­лігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кі­рістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

  • Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бо­йынша – 836,
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
  • Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1 887 және т.б

Еске сала кетейік, жалдау тө­лем­дерін субсидиялау бағдар­ла­ма­сы биылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын.

Бөлісу:
Жалдау төлемдерін субсидиялау – 19 мыңнан аса өтінім · Egemen Qazaqstan