Оқиға
1 мин оқу 170

Шымкентте алкоголь өнімін шығарып келген астыртын цех анықталды

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылып, тәркіленген.

Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленген.

«Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады», деп мәлімдеді ҚМА баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Шымкентте алкоголь өнімін шығарып келген астыртын цех анықталды · Egemen Qazaqstan