Семейде көпқабатты үй өртенді
<p style="text-align: justify;">Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының Физкультура көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенді.
«Оқиға орнына жедел келіп, 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, өрт сөндірушілер 2006 және 2008 жылы туылған екі баланы құтқарды. Улану белгілері болғандықтан, олар медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 34 тұрғын, оның ішінде 14-і балалар, баспалдақ маршы арқылы құтқарылды. 1980 жылы туған, балаларына көмектесуге тырысқан пәтер иесі күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды», делінген баспасөз хабарламасында.
