Ұлттық спорт
1 мин оқу 300

Жамбы атып, теңге ілді...

<p style="text-align: justify;">Әсіресе жас буын ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде терең ұғынуға мүмкіндік алды. Түркістан облысының 14 пен 29 жас аралығындағы аудан, қала жастары арасында өткен &laquo;Көшпенділер ойыны&raquo; атты облыстық сайыс кезінде.</p>

Жамбы атып, теңге ілді...

Ұлттық ойындар арқылы жастарды бел­сенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көре­ген­ділікке және күштілікке тәрбие­леуді, патриот­тық сезім қалыптастырып, салт-дәс­түр, әдет-ғұрыпты дәріптеуді мақ­сат ет­кен сайыс Төлеби ауданында өтті.

Аудан әкімдігі ұйытқы болған, жер­­­­гілікті мәслихат қолдаған, ішкі сая­­сат бөлімі, «Жастар ресурстық ор­та­­лығының» қызметкерлері белсене қатыс­қан облыс­тық «Көшпенділер ойы­­нына» жастардан 13 команда жасақ­талып, 200-ге жуық спортшы қатысты. Жамбы ату, теңге ілу, өгіз көтеру, ауда­рыспақ, то­ғызқұмалақ, қазақ күресі және арқан тар­тудан сынға түскендер арасында же­ңімпаздар командалық есеппен анық­талды. Бірінші орынды Төлеби ауда­нының спортшылары жеңіп алып, 300 мың теңге ақшалай сыйлықты қан­жығаларына байлады. Екінші орынға көтерілген Сарыағаш ауданының командасына 200 мың теңге бұйырды. Үздік үштікті Жетісай ауданының спорт­шылары түйіндеді. Олар 150 мың теңге иеленді. Сондай-ақ сайысқа қатыс­қан барлық ко­мандаға ынталандыру сыйлығы табыс етілді. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанғандар да марапатталды. Аталмыш сайыс жыл сайын Төлеби ауданында тұрақты өтетін болады.

о

о

Түркістан облысы

Бөлісу:
Жамбы атып, теңге ілді... · Egemen Qazaqstan