Қоғам
2 мин оқу 293

Жастар жеңілдікпен баспана алады

<p style="text-align: justify;">Жас адам үшін баспана мәселесі ең өзекті проблеманың бірі, тіпті өмірінің мәні деп те айтуға болады. Осы орайда Қарағанды облысының басшылығы аталған мәселені оңынан шешудің тиімді жолын ұсынып отыр.</p>

Жастар жеңілдікпен баспана алады

Мысалы, осы мақсатқа деп облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қарастырылған. Бұл игі істен шет қалмаған «Отбасы банк» те ортаға 500 млн теңге қаржы салып отыр. Яғни жеңілдікті қарыз 20 миллион теңгеге дейінгі сомаға

5%-бен беріледі. Бастапқы жарна 19 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ын құрайды. Ал тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.

Еске сала кететін бір жайт, бұл қолжетімді ипотекалық жа­ңа бағдарлама жас мұғалім­дер­ге, дәрігерлерге, медбике­лер­­ге, спортшыларға, жаттық­тыру­шы-оқытушыларға, мә­де­­­­­­ниет қызметкерлеріне, журналистерге, жоғары оқу орны­ның оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге және әлеуметтік сала өкілдеріне арналған.

Бағдарламаның өзіндік шарттары да бар. Мысалы, ипотека кемінде бір жыл ресми жұмыс істеген 35 жастан аспаған қа­р­аған­дылықтарға беріледі. Бұл жерде табыс та ескеріледі. Отбасының әрбір мүшесіне ол алты ең төменгі күн көру дең­гейі (1 ЕТККД – 37 389 теңге) мөл­ше­рінен аспауы, сондай-ақ бағ­дар­ламаға қатысушы мен отбасы мү­шелерінің кейінгі бес жыл ішін­де меншігінде жылжымайтын мүлік болмауға тиіс.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Бір­жан Әлімжанов ипотека бағдар­ламасына қатысушыларды құра­мына мемлекеттік органдар, депутаттық корпус және қоғам өкіл­дері кірген комиссияның ірік­тей­тінін айтады.

 – Бағдарламаның механизмі өте қарапайым. Бірінші кезекте әлеуетті қатысушылар қалалық әкімдіктің фронт-кеңсесіне жү­гініп, тиісті құжаттар тізбесін тапсыруы керек. Одан кейін комиссия балдық жүйе негізінде банкте біліктіліктен өтуге жолдама берілетін қатысушылардың тізімін жасайды. Мұнда өтініш берушінің несие тарихы, төлем қабілеттілігі деңгейі жан-жақты зерттеледі. Банк тарапынан оң шешім қабылданған жағдайда қарыз алушы ресімдеу процесіне көшеді. Іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар – еңбек өтілі, балалар саны және әлеуметтік осал санаттарға кіру, – деп ег­жей-тег­жейлі түсінік берді Б.Әлім­ж­анов.

Баспаналы болсам деп жүрген үйсіз жастар өтінімді 24 маусымға дейін тапсыра алады.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Жастар жеңілдікпен баспана алады · Egemen Qazaqstan