Футбол
1 мин оқу 360

Аустралия да Қатарға барады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Аустралия құрамасы биыл жыл соңында Қатардың астанасы &ndash; Дохада өтетін футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.</p>

Аустралия да Қатарға барады

Азия құрлығында өнер көрсететін Аустралия футболшылары құрлықаралық іріктеу ойынын Оңтүстік Америка өкілі Перумен өткізіп, матч соңындағы пенальти сериясында басым түсті. Сөйтіп, әлем чемпионатының 31-ші жолдамасына ие болды. Қатардың Аль-Райан қаласындағы «Ахмед бин Али» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын соңындағы 11 метрлік айып добын орындауда Аустралияның бағы жанды – 5:4.

Енді әлем чемпионатының соңғы жолдамасын тағы бір құрлықаралық іріктеу ойын­да Коста-Рика мен Жаңа Зеландия құра­малары сарапқа салады. Әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан ара­лығында Қатарда өтеді.

Бөлісу:
Аустралия да Қатарға барады · Egemen Qazaqstan