Аймақтар
2 мин оқу 190

Үстел теннисінің үздіктері

<p style="text-align: justify;">Павлодарда журналистердің басын қосып, бабын байқайтын жалғыз турнир бар. Жыл сайын үстел теннисіне икемді жергілікті тілшілер өңір журналистикасына сүбелі үлес қосқан Сәлімбай Ермұратовты еске алуға арналған жарысқа жан-жақтан жиылады. Биыл қатарынан 10-шы мәрте ұйымдастырылған бәсекеге ракеткамыздың шаңын сүртіп біз де қатыстық.</p>

Үстел теннисінің үздіктері

Иә, дәстүрлі турнир пан­демия кезінде де үзіл­ген жоқ. Былтыр барлық сани­тар­лық талап сақталып, со­ның өзінде үреймен өт­кі­зілгені есімізде. Биыл ұйым­дастырушылар да, қаты­сушылар да өзін еркін сезініп, бетпердесіз JENIMPAZ үс­тел теннисі орталығын бет­­ке алды. Жаңадан ашыл­ған орталықта журналис­тер алғаш рет бас қосып отыр. Бұған дейін жергілікті бір колледждің спортзалында тартысқа тү­се­тін. Жа­қында ғана бұл ор­талықта рес­публикалық тур­нир өткі­зіл­ген еді. Аурасы кете қой­мапты. Салтанаты ке­ліс­­кен зәулім ғимаратта тіл­ші­лердің әрқайсысы өзін үздік сезініп, барын салды. Жа­рыста жергілікті және рес­публикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері төбе көрсетті.

Турнирдің бас демеушісі – «Ертіс Медиа» ЖШС ди­рек­торының орынбаса­ры Жұ­мабек Сманов өз сөзінде Сәлімбай Ер­мұратов ұзақ уақыт об­лыстық радиода (қазіргі Ха­лық радиосы) еңбек етіп, жастарға үлгі-өнеге көрсет­кенін атап өтті. Әу баста ұйым­­­дастырушылардың қа­та­рынан табылып, жыл сайын жарыстың жоғары дең­гейде өтуіне атсалысып жүр­ген Ха­­лық радиосының жаңа­лық­­тар редакторы Махаббат Камес­ханұлына алғысын жаудырды.

Турнирдің қорытындысы бойынша қыздар арасында бірде-бір ойында сүрінбеген Халық радиосының қызмет­кері Айдана Дүйсен жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Звез­да Прииртышья» газе­тінің жауапты хатшысы На­дежда Яницкая иеленсе, үздік үш­тікті «Сарыарқа самалы» га­зетінің журналисі Гүлжайна Түгелбай түйіндеді.

Ал ерлер арасында рес­публикалық Atameken Busi­ness телеарнасының мен­шікті тілшісі Есенбек Санатұлы чемпион атанды. Әу баста фавориттердің бірі саналған ол осымен оныншы рет ұйым­дастырылған турнирде 7-ші рет жеңімпаз атанып отыр. Үшеуінде күміспен күп­­тел­ген. Осы уақытқа дейін әр­­дайым турнирдің фи­на­­лынан табылып келген Есен­бек енді жарысқа қатыс­пай, жастарға жол бере­тінін жет­кізді. Биылғы турнирдің күміс жүлдесі «Най­затас» жур­налының бас редакторы Асыл Әбішевке бұйырды. Үшінші орынды Ertis телеарнасы жаңалық­тарының режиссері Әділхан Мүталяпов еншіледі. «Ертіс Медиа» ЖШС басшылығы жүлде­гер­лерге диплом мен қар­жылай сыйлық тағайындаса, бар­лық қатысушыға алғысхат пен тауарлы сертификат үлестірді.

Қатысушылар ұйымдасты­рушыларға алғысын білдіріп, журналистер арасында волейбол, футбол турнирін қайта жандандыруға ниет танытты.

ПАВЛОДАР

Бөлісу: