Аймақтар
1 мин оқу 320
Атыраулық өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 6 адам, оның ішінде 4 баланы эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өрт туралы ақпарат 15 маусымда сағат 14:14-те байланыс пунктіне келіп түсті.
Бес қабатты үйдің терезелерінен түтін шыққаннын көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Құтқарушылар Владимирская көшесі, 99 мекен-жайына шықты.
Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер түтін басқан баспалдақ ойығы бойынша 6 адамды шығарды.
Анықталғандай, өрт тұрғын үй бөлмелерінің бірінде шыққан. Өрт сағат 14:33-те ауыздықталып, сағат 14:45-те толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
