Ауа райы
2 мин оқу 437

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет мамандары 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыста, оңтүстік–шығыста қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында - 15-20 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз орталығында бұршақ, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда ​​облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы · Egemen Qazaqstan