ANTIKOR
1 мин оқу 340

Қазтеміртранс филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет &laquo;Қазтеміртранс&raquo; АҚ Қостанай филиалының директоры кәсіпкерлерден жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.

Айта кетейік,  19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.

Бөлісу:
Қазтеміртранс филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды · Egemen Qazaqstan