Футбол
1 мин оқу 310

Қай қарсылас қарымды?

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Швейцарияның Ньон қаласында фут&shy;болдан УЕФА Конференция лигасы&shy;ның бірінші және екінші іріктеу кезең&shy;дерінің жеребесі тартылды.</p>

Қай қарсылас қарымды?

Былтыр ғана тұсауы кесілген аталған турнирдің биылғы маусымында Қазақстанның үш командасы өнер көрсетеді. Атап айтқанда, ел біріншілігінің күміс жүлдегері – «Астана», қола жүлдегері – «Қайрат» және Қазақстан кубогының иегері – «Қызылжар» клубтары. УЕФА-ның ұпай коэффициентінде Қазақстан өзге елдерге қарағанда жоғары орында тұрған­дықтан, қазақстандық командалар Конфе­ренция лигасының іріктеу бәсекелерін екінші кезеңнен бастайды.

Жеребе қорытындысы бойынша, елор­даның «Астанасы» екінші айналымда Поль­ша чемпионатының күміс жүлдегері «Ракув» ұжымымен кездессе, Алматының «Қайра­тына» Мажарстан біріншілігінің екінші орын иегері «Кишварда» клубы қарсылас атанды. Ал Петропавлдың «Қызылжары» Хорва­тияның ең үздік командаларының бірі – «Осиекпен» кездесетін болды. 21 шіл­деде өтетін алғашқы матчты «Қайрат» пен «Қы­зылжар» Қазақстанда өткізсе, «Астана» турнирді сырт алаңдағы ойынмен бастайды. Қарымта кездесулер 28 шілдеге жоспарланған. Айта кетейік, Конференция лигасының ал­ғашқы маусымында Италияның «Рома» клубы жеңімпаз атанған болатын.

Бөлісу:
Қай қарсылас қарымды? · Egemen Qazaqstan