Оқиға
1 мин оқу 570

Қосшыда газ құю бекеті өртенді

<p style="text-align: justify;">Автогаз құю станциясындағы газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 17:00 шамасында болды. Автогаз құю станциясындағы артық қысым клапаны іске қосылып, салдарынан өрт шыққан.

«Өрт сағат 18-15-те өшірілді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. № 34 өрт сөндіру бекеті оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрттің шығу себебін анықтап жатыр», делінген хабарламада.

Өртті сөндіру үшін Ақмола облысы ТЖД-нің 11 қызметкері мен екі техникасы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қосшыда газ құю бекеті өртенді · Egemen Qazaqstan