Оқиға
1 мин оқу 234

Химиялық қалдықтарды өртеген кәсіпкер сотталды

<p style="text-align: justify;">Қауіпті химиялық қалдықтарды өртеген көкшетаулық кәсіпкер 3 жылға сотталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Зеренді аудандық сотымен Қылмыстық кодекстің 325-б. 3-б. бойынша «ЭКО-Гарант» ЖШС-нің бас директоры А.А.Теміров кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол 2016-2019 жылдары аралығында құрамында цианид бар қауіпті химиялық қалдықтарды көміп, жаққан. Бұл қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде залал келтірген», деп жазылған прокуратураның хабарламасында.

Кәсіпорындағы қоршаған ортаның ластануы апатты деңгейде болғаны анықталған.

Сотпен кәсіпорыннан қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында 150 млн теңге шамасында айыппұл өндіріліп алынған.

Бөлісу:
Химиялық қалдықтарды өртеген кәсіпкер сотталды · Egemen Qazaqstan