Спорт
1 мин оқу 193
Милад Карими Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Милад Карими Катарда өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz-ке сілтеме жасап.<br /><br /></p>
Бағанадағы жаттығуларда Карими 14,133 ұпай жинап, үшінші болды.
Дохадағы құрлық біріншілігінде 2022 жылдың 28 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеледі.
Осымен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтап, алдағы әлем чемпионатына толық құрамда жолдама алды.
Бөлісу:
