Оқиға
1 мин оқу 420
Ақтөбеде элеватордан құлаған бала қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде элеватордан құлаған 9 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://diapazon.kz/news/116884-rebenok-upavshii-na-elevatore-v-aktobe-skonchalsya">«Диапазон»</a> басылымына сілтеме жасап.</p>
31 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы қараусыз қалған элеватордан 9 жасар бала құлап кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, бұған дейін бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылып жансақтау бөлімінде жатқан.
«Дәрігерлер бар жағдайды жасағанымен 18 маусым күні сағат 22:00-де бала қайтыс болды», деді Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.
Бөлісу:
