Аймақтар
1 мин оқу 390

«Қазатомөнеркәсіпте» су құбыры жарылды

<p style="text-align: justify;">Кеше &laquo;Қазатомөнеркәсіп&raquo; Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында құбыр желісінде жарылыс болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Шамамен 10 метр биіктікте су субұрқақша шашырады. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Кәсіпорынның хабарлауынша, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3 сол жақ теңіз су құбырында қарау люгінің разгерметизациясы жүргізілді.

«Бірінші теңіз су құбыры бойынша су беру тоқтатылды. Бірақ екінші су құбыры сол қалпы жұмыс істейді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын тарапынан ауыз су мен электр энергиясын өндіруге ешқандай шектеулер жоқ», делінген хабарламада.

Бөлісу:
«Қазатомөнеркәсіпте» су құбыры жарылды · Egemen Qazaqstan