Қоғам
1 мин оқу 240

Шардарада жол апатынан 4 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік жол апаты бейнеленген видео жарияланды. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.

Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

«Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Тиісті сараптама тағайындалды», делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Шардарада жол апатынан 4 адам қайтыс болды · Egemen Qazaqstan