Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 466

Атырауда екі қабатты ғимараттан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында екі қабатты қараусыз тұрған ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні сағат 23:03-те Мұнайшы шағынауданы, 7 көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 23 қызметкері мен 5 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 4 қызметкері және 1 техникасы, «Ақберен» мекемесінен 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу: