Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ <a href="https://ktf.kz/press-center/news/?id=6830" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">баспасөз қызметіне</a> сілтеме жасап.</p>
Әлемнің 160-ракеткасы Михаил іріктеу додасының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, онда Михаил басым түскен еді. Бұл жолы небәрі 52 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында төрт брейк жасай білді.
Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін Кукушкин әлемнің 230-ракеткасы, германиялық Филипп Кольшрайбермен кездеседі.
