Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 490

УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Кеше Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі Қырғызстан уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаеваның мәлімдемесін таратты. Онда былай делінеді:

“Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында ашылды. Енді Қырғызстанның экономикасы қайта сілкініп, сауда ағыны жаңғырады. Біз белгіленген экономикалық параметрлерге шығуды жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар өкілдерінің біздерді қазіргі кем-кетіктерді жабу үшін қаржы жағынан жан-жақты қолдауға дайын екендіктеріне сендіргені атап өтуге тұрарлық”, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Бөлісу: