Қоғам
2 мин оқу 674

Жастарға жаңа мүмкіндік

<p style="text-align: justify;">Жастардың проблемасы жетерлік. Биік мінберлерде айтылып-ақ жүр. Шешу жолдары да ұғынықты. Енді сөзден іске көшетін кез келді. Қаңтар оқиғасының ортасынан көбіне жұмыссыз жастар табылғандығын ескерсек, пайдалы жобаларды жүзеге асыратын уақыт жетті. &laquo;Жаңа Қазақстан&raquo; идеясының мақсаты да сол емес пе?!</p>

Жастарға жаңа мүмкіндік

Жақында Павлодар қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Аза­маттық бастамаларды қолдау орталығының қол­дауымен «Жастарға мүмкіндік!» тақыры­бында кездесу ұйымдастырылды. Шара «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлес­тігі қоғамдық қорының «Жастарды әлеумет­тендіру және оңалту» жобасы аясында өтті.

Қоғамдық қордың президенті Арман Әубәкірдің айтуынша, жоба алғаш рет 2018 жылы Батыс Қазақстанда іске қосылған. Бүгінде жастар тарапынан зор қолдау тауып, республика көлемінде ұйымдастырылуда.

– Әр өңірдегі жастарды жұмысқа орналастыруға тырысудамыз. Әсіресе жастардың кәсіпкерлермен байланысын жолға қойып отырмыз. Себебі жастардың көбі жеке бизнеспен айналысқанды тәуір көреді. Жастар үшін шеберлік сабақтары тегін, – дейді А.Әубәкір.

Іс-шара барысында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің өкілдері жер­гілікті жұмыспен қамту орталығы және Жастар бастамаларын дамыту орталығы мамандарымен бірлесіп, adyrna.kz сайтына тіркелу үшін арнайы формалар әзірледі. Екі қолға бір күрек іздегендер өздері жайлы деректерді онлайн-платформаға енгізді. Ен­дігі жерде жастардың әрқайсысымен байланыс орнатылып, курстар мен шеберлік сабақ­тары өткізіледі. Жоба ел жастарының өзін-өзі дамытуына септігін тигізеді деген сенім мол.

Жобаны жандандыру үшін барлық өңірде кәсіпкерлердің халықпен кездесулері өткізілмек. Бұл ретте іс-шара барысында студенттер өңір кәсіпкерлеріне сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды. Бизнес­мен­дер өздерінің жетістіктері туралы айтып берді. Ал жұмыспен қамту орталығының қыз­мет­керлері мемлекеттік бағдарламалар мен жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың бағыттарын түсіндірді. Гранттық жобалардың жай-жапсары айтылды.

 

Павлодар облысы

Бөлісу:
Жастарға жаңа мүмкіндік · Egemen Qazaqstan