Қоғам
1 мин оқу 643

Жаңадан құрылған облыстардың көлік нөмірлері бекітілді

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңадан құрылған үш облыстағы автокөліктердің аймақтық нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомство нақтылағандай, көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлік кодтарын келесі тәртіппен бекіту ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19, Ұлытау облысы - 20», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Бөлісу: