Оқиға
1 мин оқу 270
ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті
<p style="text-align: justify;">22 маусым Шығыс Қазақстандағы Серебрянск қаласының маңында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> өңірдегі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Көкжиек-Күмістау теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», делінген ақпаратта.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ.
Бөлісу:
