Катонқарағай ауданында екі альпинист қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт альпинист қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған. Екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Сондай-ақ, 1990 жылы туған азамат зардап шеккен.
Тау шатқалына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарған. Ал жарақат алған ер адамға апаттық медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Шығыс Қазақстан облысы
