Таиландта маска режимі алынды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Таиланд үкіметі 2022 жылғы 23 маусымдағы бұйрық бойынша медициналық және мата маскаларын міндетті түрде кию талабын алып тастады. Енді маскалар тек ерікті түрде қолданылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Таиланд билігі маскаларды тек адамдар көп жиналатын жерлерде және нашар желдетілетін жерлерде, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық болмаған жағдайда кию ұсынылады деп атап өтті.
Коронавируспен ауыратындар, байланыста болған адамдар, қарттар және созылмалы аурулары бар азаматтар үшін маска тағу маңызды.
Туроператорлар қауымдастығының ақпараты бойынша, 1 шілдеден бастап Таиландқа кіру үшін Енді Thailand Pass рәсімдеудің қажеті жоқ.
Thailand Pass-туристерге арналған веб-жүйе. Онда саяхат туралы мәліметтер және саяхатшылардың денсаулығы сақталған. Thailand Pass-ты толтырып, QR-кодты алып, елге кіруге болады.
Таиландқа кіру үшін вакцинацияланған туристер вакцинация паспортын көрсетуі керек. Екпе салдырмаған туристер 72 сағат бұрын ПТР тестін жасауы қажет.
