Әлем
1 мин оқу 204

Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы референдумға шығарылады. Жоба &laquo;Халық сөзі&raquo; газетінде жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзбекстанның бас газеті саналатын «Халық сөзінің» 2022 жылғы 25 маусымдағы №133 нөмірінде «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.

Елдің қазіргі Конституциясының 90-бабына сәйкес, президенттің өкілеттік мерзімі 5 жыл. Әрі бір адам 2 реттен артық бұл лауазымға сайлана алмайды. Референдумда талқыға ұсынылған заң жобасы қабылданса, президенттің мерзімі 7 жылға ұзартылады.

Атап айтқанда, «90-баптың екінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын», делінген құжатта.

Елдің қазіргі Конституциясы 128 баптан тұрады. Референдумға ұсынылған заң жобасы бойынша соның 64-іне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 6 жаңа бап қосылмақ.

«Парламент әзірлеген жобаны жалпыхалықтық талқылауда қарастырып, оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын», деген еді Шавкат Мирзиеев.

Бөлісу:
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады · Egemen Qazaqstan