Президент
1 мин оқу 1,200
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусымда Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;
29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;
30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді», делінген Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасында.
Бөлісу:

