Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>
Іздеу жұмыстарын Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары жүргізіп жатыр.
2022 жылдың 26 маусымында сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен.
«21 студенттен құралған топ Шымкентке келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Түркістан облысы ТЖД өкілдері судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

