Жарнама
 
Руханият
1 мин оқу 553

Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады

<p style="text-align: justify;">Ертең қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады. Бұл туралы&nbsp;ҚМДБ-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкенттен 189 қазақстандық қажылыққа аттанады. Қажылыққа аттанушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы Сауд Арабиясының Жидда мен Мәдина қалаларына барады.

«Биылғы қажылық маусымы маусым-шілде айына тұспа-тұс келіп тұр.  Үлкен қажылықтың уақыты 7-12 шілде аралығы деп белгіленді. Қазақстаннан қажыға аттанушылар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы мен Сауд Арабия мемлекетінің Жидда мен Мәдина қалаларына барады. Олар аталған төрт қаладан 28 маусым мен 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады», дейді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов.

Қазақстандықтар 4 қаладан 28 маусым мен 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады.

2022 жылы қажылыққа Қазақстаннан 4 мың адам барады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады · Egemen Qazaqstan