Театр
1 мин оқу 310

Елорда күніне тарту

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана Балет&raquo; театры елорда кү&shy;ніне арнап қала тұрғындары мен қо&shy;нақтарына музыкалық тамаша тар&shy;ту жасамақ. Дәлірек айтқанда, 2 шілдеде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахри қойған &laquo;Ұлы дала мұрасы&raquo; атты концерттік бағдар&shy;ламасын ұсынады. Бұл бағдар&shy;лама Еуропа мен Американың ірі қала&shy;ларында көрсетіліп, көрермендердің ықыласына бөленген.</p>

Елорда күніне тарту

Ұлттық бірегейлікті өзіндік би тілімен жеткізетін этнографиялық сипаттағы бағ­дарлама – театрдың айшықты дүниесіне айналған. Онда қазақ хореографиясының соңғы жетістіктерін тамашалап, дәстүрлі би мен заманауи балетмейстерлік шешімдердің үйлесіміне куә бола аласыз.

Қоюшы-балетмейстер Айгүл Тәтидің айтуынша, «Ұлы дала мұрасы» би сюита­ларының жинағы мәдениетіміздің құнды дүниелерін бойына сіңірген. Би, пластика тілі арқылы халқымыздың жан дүниесін ашуға тырысқан. Сонымен қатар отандық балетмейстерлердің хореографиялық миниатюралары кең-байтақ даламыздың көркем табиғатын ғана емес, халқымыздың дәстүрі мен тарихын би тілімен әсем жеткізеді. Театр әртістерінің орындауындағы ұлттық билеріміз халқымыздың ұлылығы мен парасатын, ашық-жарқын болмысын шебер бейнелейді.

Сондай-ақ 5-6 және 8-9 шілдеде атал­ған өнер ордасының сахнасында симфо­ниялық оркестрдің сүйемелдеуімен Еуро­па хореографиясының кеші өтеді. Маз­­мұнды кештің бірінші бөлімінде көрер­мендер «Орфей мен Эвридика» бір актілі балетінің премьерасын тамашаласа, екін­ші бөлімде Стивен Райхтың дауылпаз ыр­ғағындағы әуеніне заманауи би алыбы Иржи Килиан қойған «Жолдан тайғандар» хо­реографиялық миниатюрасын көрсетеді.

Айта кетейік, мазмұнды іс-шара Мәде­ниет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Бөлісу:
Елорда күніне тарту · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар