Аймақтар
1 мин оқу 211

Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жарияланатыны хабарланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыс әкімінің Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде жергілікті тұрғын денсаулық сақтау саласының жұмысына шағым білдірді.

«Менің Түрксіб ауданындағы емхана қызметкерлерінің жұмысына көңілім толмайды. Медицина мамандарының салғырттығынан былтыр жұбайымнан айырылып қалдым. Қадағалау органдарына арыз да түсірдім, менің ойымша емдеу мекемесінің басшысына шара қолдану керек», деді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев алдағы уақытта қаланың денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалатынын айтты.

«Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жариялайды. Жақында жаңа басшы тағайындалады», деді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады · Egemen Qazaqstan