Туризм
1 мин оқу 470

Туристер қызығатын өлке

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауға туристердің қызығушылығы жоғары. Облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Утешовтің айтуынша, бұл жаққа жыл басынан бері 55 мыңға жуық турист келген.</p>

Туристер қызығатын өлке

Нақтырақ айтсақ, өңірге жыл басынан бері 54 575 адам келген және бұл өткен жыл­­мен са­лыстырғанда 2 мың адамға артық.

– Өңірде туристер тоқтайтын орын­дар саны 98-ге жетті, нө­мір­лер саны – 3 810. Жалпы, жыл басынан бері 1,2 млрд теңгеге қыз­мет көрсетілген. Көрсеткіш 1,2 есеге өсті. Сонымен қатар са­лаға тар­тылған инвестициялар да артқан. Мә­селен, ойын-сауық, тамақтану сын­ды қызмет түр­лерінен 2021 жыл­дың қоры­тын­дысы бойынша 43,8 млрд тең­гені, 2022 жылдың қаң­тар-сәуір айларында 3,97 млрд тең­гені құрады, деді Д.Утешов.

Биыл туризм саласына қа­тысты құны 40 млрд теңгеден ас­там 6 жобаны іске қосу жоспар­лан­ған.

– 2022-2025 жылдары мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 100 млрд теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осылайша, туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа турис­тер ағынының өсуіне мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашуды, салық аударымдарының түсуін қамтамасыз етеді. Туризм­нің бір саласын ғана емес, эко­но­миканың басқа да аралас салаларын дамытуға сер­пін береді. Сайып келгенде, Маң­ғыстау об­лысының әлеуметтік-эконо­микалық дамуына оң серпін бере­ді, – деді Данияр Утешов.

Маңғыстауда туризмді дамыту күн тәртібіндегі мәселе, сон­дық­тан бұл ба­ғыттағы жұмыс­тар­ды жандандыра жүр­гізу ма­ңызды.

а

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Туристер қызығатын өлке · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар