Жарнама
 
Қоғам
2 мин оқу 253

Жастарға жанашыр жоба

<p style="text-align: justify;">Таяуда Көкшетау қаласында Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен &laquo;Жастарға мүмкіндік!&raquo; тақырыбында мәселенің мәнісіне бойлап, талқылау өткізілді.</p>

Жастарға жанашыр жоба

Бұл жоба «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қо­ғам­дық қорының «Жастарды әлеу­меттендіру және оңалту» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Статистикалық деректерге қарағанда, ел жастарының 10 пайызы не білім алып, не тұрақ­ты жұмыс істеп жатқан жоқ. Демек бұл орайдағы мә­селе шаш етектен. Әсіресе ауыл жас­тарының біраз бөлігі екі қолға бір күрек таба алмай, қаң­тарылып отырғандығын еш­кім жоққа шығара алмай­ды. Қо­ғамдық қордың пре­зиденті Ар­ман Әубәкірдің айтуына қара­ғанда, жастарға жана­шырлық жасауға тиісті осы­ған ұқсас жоба тұңғыш рет 2018 жылы Батыс Қазақстан өлке­сінде атқа­ры­лыпты. Жақсы іс­терге ұйытқы болатын, жалын­ды жастардың бо­йындағы қажыр-қайратты ұштап, алға жетелейтін тәжірибе осы кезде қалыптасқан.

Қоғамдық қор президентінің айтуынша, қор әр өңір­дегі жастарды жұмысқа орна­ластыруға талпынуда. Ол үшін белгілі бір істі бастап, сол ісі­нен нәтиже шығарған жас кә­сіп­керлердің талпынысы мен тә­жірибесін өнегелі мысал етіп, дәл осындай биікке шығу бұлардың да қолдарынан келетінін айтып, жігерлендіруде. Жастар ара­сындағы тілдесулер, олардың жеке бизнеспен айналысқысы келетіндіктерін анықтап отыр. Нә­тижеге жету үшін, әрине, тә­жірибе қалыптастыру қажет. Осы орайда тегін шеберлік сабақ­тары да ұйымдастырылуда.

«Адырна» ұлттық этногра­фиялық бірлестігінің өкілдері жергілікті жұмыспен қамту және Жастар бастамаларын дамыту орта­лықтарымен бірлесе отырып, adyrna.kz сайтына тір­келу үшін арнайы формалар әзірледі. Ен­ді жастармен тіке­лей байланыс орнатып, әрқилы іс-шаралар өткізіле бастамақ. Сайып келгенде қолға алынған қыруар жұмыстың барлығы ел жастарының еңсесі кө­теріліп, өзін-өзі қамшылап, өзін-өзі да­­мытуға ықпал етеді деп күті­луде.

Қазақтілді ортаға, ауыл жас­­­­­­тарына шарапаты тиетін жана­­шыр жобаны жандандыру үшін тасы өрге домалап тұр­­­­­ған кәсіпкерлермен кезде­су­лер өткізілмек. Мұндай түйін түйт­­­кілін шешуге ықпал ететін пікіралмасулар барысында өз ісін бастағысы келетін жастар өздерін толғандырып жүрген сан қырлы сауалға толымды жауап алатын болады. Әрі жұ­мыспен қамту саласының қыз­меткерлері мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау-кө­мектің мүм­кіндігі туралы айтып бермек.

Көкшетау

Бөлісу:
Жастарға жанашыр жоба · Egemen Qazaqstan