Қоғам
1 мин оқу 340

Бала тәрбиесі - басты назарда

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо&shy;графиялық саясат жөніндегі Ұлт&shy;тық комиссияның кезекті отырысында бала тәрбиесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы, Президент Әкімшілігі Басшысының орын­басары Аида Балаева алғашқы отырыста Ұлттық комиссия жұмысының негізгі 6 бағыты белгіленгенін атап өтті.

«Бүгінде түрлі бейімдеу және әлеу­меттік қолдау орталықтарын терең әдістемелік қамтамасыз етуді жүргізу ұсы­нылып отыр. Жалпы, гендерлік зерттеулер жалғасады, отбасылардың әлеуметтік картасы жасалып, комиссияның бюллетені дайындалады. Жобада комиссия мүше­лерінің барлық негізгі ұсыныстары еске­рілген. Бас жоспарға енгізілмеген ұсы­ныстар қабылданып, ескерілді, секторлар жоспарына енгізілді, олар осы жылдың желтоқсан айында қаралатын болады», деді Аида Балаева.

Бөлісу:
Бала тәрбиесі - басты назарда · Egemen Qazaqstan