Қоғам
1 мин оқу 461

Қарттар үйіндегі вальс

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры әртістері Қала күні қарсаңында &laquo;Шарапат&raquo; әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қарттарға мерекелік көңіл күй сыйлап қайтты.</p>

Қарттар үйіндегі вальс

Қазақ – қариясын сыйлаған халық. «Қарты бар үйдің қазы­насы бар» деген аталы сөз де ұлттық ұстынға айналғалы қа­шан?! Десек те, бүгінде қоғамда Балалар үйінің де, Қарттар үйінің де тұрғындары жыл өткен сайын көбейіп келеді. 

Шығармашылық ұжымның ұйымдастырған әндерінен қарттардың көңілі көтеріліп, бір уақыт сергіп қалды. Тіпті ақса­қалды аталар ақ жау­лықты ана­ларымызды ортаға вальске шақырып, кешті қыз­дыра түсті.

Музыкалық жас көрермен театрының қыз-жігіттері Са­бырхан Асановтың сөзіне Шәмші Қалдаяқовтың әні жазылған «Сағынышым менің» әнін хормен бастап, Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Арыстың жағасында» әнімен жалғастырды. Бұл әндерге бірге қосылып шырқамаған қариялар қалмады. Сонау алыс-алыс белес, қыраттарда қалған жастық шақтары еске түскен болар, көбісі көзде-
ріне жас алды. Жүрек толқиды.

Кеш соңында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қариялары жастарға ақ жарма тілектерін айтып, батасын беріп, қимастықпен қоштасты.

Бөлісу:
Қарттар үйіндегі вальс · Egemen Qazaqstan