Ақтөбеде жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

6 шілдеде Алға ауданы Қарабұлақ кентінен 3 шақырым жерде 53 жастағы шаруа қожалығының басшысы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз BAIGE мотоциклін басқару кезінде рөлді игере алмай, қырға қарай аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Алға ауданы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, кейін алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Осындай жағдай Темір ауданында да орын алды. 6 шілде күні 49 жастағы ер адам мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз RACER мотоциклімен келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Екі жағдайда да мотокөлік жүргізушілерінің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аяна Тоғанбек
