Теннис
1 мин оқу 270

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финальна шықты

<p style="text-align: justify;">Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финальна шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет ойнап, соның екеуінде С. Халеп жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Е. Рыбакина бірінші партияны қарқынды бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Елена екінші сетте де 2:0 есебімен алға кеткенімен, Симона сол бойда таразы басын теңестіріп үлгерді – 2:2. Дегенмен, қазақстандық спортшы қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2.

Содан кейін матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Осылайша, Е. Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан тұңғыш рет Уимблдон жарысының финалына өтті.

Бұл – теңдессіз табыс. Елена Рыбакина Ұлыбритания ашық чемпионатының финалында әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салады. О. Жабер жартылай финалда әлемдік рейтингіде 103-орында тұрған германиялық Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финальна шықты · Egemen Qazaqstan